Жол полициясының ардагерлері маңызды үндеу жасады (ВИДЕО)

Бүгін, 15:03
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жол полициясының ардагерлері маңызды үндеу жасады (ВИДЕО)
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол полициясының ардагерлері жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Біз, жол полициясының ардагерлері, еліміздегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Ішкі істер министрлігі тарапынан қабылданып жатқан шараларды қолдап, әкімшілік полиция комитетіне практикалық көмек көрсетуге әрқашан дайын екенімізді айтқым келеді.

Біздің ардагерлер – өздерінің көпжылдық тәжірибесінің арқасында қызметтің қыр-сырын меңгерген азаматтар.

Қазіргі уақытта ел жолдарында ережелерді елемеу салдарынан жол-көлік оқиғаларында жүздеген адам қаза тауып, жарақат алып жатқаны бәрімізге мәлім.

Республикада 19 сәуірден бастап «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Осыған байланысты біз, жол полиция ардагерлері, барша жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырамыз», - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ардагерлер кеңесі жол полициясы ардагерлер ұжымының төрағасы Біржан Сүлейменов.