Павлодар облысында ауыл тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

27 қаңтар, 2025
Торғын Аман Торғын Аман
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді
фото: freepik.com

Павлодар облысында есірткі сақтаған және сатқан ауыл тұрғындары қолға түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Железин ауданындағы ауылдық округтердің біріндегі жеке тұрғын үй аумағынан шамамен 2 кг марихуана табылған.

Сот үкімімен кінәлі тұлға Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған қоса кондитерлік көкнәр деп оның тұқымдары мен кептірілген көкнәр сабанынан дайындалған есірткі заттарын таратумен айналысқандар  ұсталды. Қаскүнемдер азық-түлік дәмдеуіштерін саудалайтын орындар ашып, есірткіге тәуелді адамдарға көкнәр қоспасын сатқан.  

«Есірткі заттарын тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл бағытта тергеу іс-шараларын жүргізуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - деді Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.