Ұлттық кітап күні аясында жалпыхалықтық челлендж өтіп жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ұлттық кітап күні мерекесіне орай әлеуметтік желілерде кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған челлендж өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Челленджді алғашқылардың бірі болып ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлері бастап, көпшілікті кітап оқуға үндеді. Олар сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, оқырмандарын кітаптың рухани құндылығын қайта тануға шақыруда.
Аталған челлендждің негізгі мақсаты – қалың көпшілікті кітап оқуға ынталандыру, кітаптың рухани, мәдени құндылық ретіндегі маңызын қайта жаңғырту және оқырман қауымның кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Челлендж «Менің сүйікті кітабым», «Менің өмірімді өзгерткен кітап», «Кітап – алтын қазына», «Менің өміріме әсер еткен кітап» тақырыптарын қамтиды.
Ұқсас жаңалықтар
23 қазан, 2025
Республика күніне орай елімізде «Жанашыр жүрек» акциясы өтіп жатыр
23 қазан, 2025
Жұмыс берушілер 596 млрд теңге міндетті зейнетақы жарналарын аударды
23 қазан, 2025
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22 қазан, 2025
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады
