Конституцияның отыз жылдығына орай кімдерге рақымшылық жасалады

4 маусым, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Конституцияның отыз жылдығына орай кімдерге рақымшылық жасалады
фото: freepik.com

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Снежанна Имашева заң жобасы аясында кімдерге рақымшылық жасалатынын айтып берді.

«Заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты гуманизм қағидасы негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында депутаттардың бастамасымен әзірленді. Заң жобасында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды, оның ішінде азаматтардың әлеумеуттік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, жүкті әйелдерді, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерді және оларға теңестірілген адамдарды, зейнеткерлерді, мүгедектерді және басқаларды босату ұсынылады. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын, - деді комитет төрағасы.

Сонымен қатар Мәжіліс «Қазақстан Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру бойынша негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды.