00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде жастардың 80% отбасын басты құндылық деп санайды

14 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде жастардың 80% отбасын басты құндылық деп санайды
Фото: Василий Крась

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Мәдениет және ақпарат министрлігіне «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің нәтижелерін таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесуге AMANAT партиясы мен Астана әкімдігінің өкілдері де қатысты.

Сарапшылар жастар ортасындағы басты құндылықтар мен мүдделерді атап өтті. Зерттеуге 14 пен 34 жас аралығындағы 2 мың респондент қатысты.

Сауалнама нәтижелері бойынша көпшілігі (80,1%) отбасын негізгі өмірлік құндылық деп санайды. Осындай нәтижелердің қорытындысы төрт жыл қатарынан көрінуде.

Үйде күнделікті өмірде жастар қазақ тілінде жиі сөйлейді (72,9%).

Қатысушылар сондай-ақ жас ұрпақтың өмір сүру сапасы мен болашағын жақсартуға бағытталған тәжірибелерімен және әзірлемелерімен бөлісті. Мұндай зерттеулер жастар саясатының тиімді стратегиясын құру үшін қажет.