Биыл 9 мыңнан астам адамға кәсіп бастауға қайтарымсыз грант беріледі


Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант халықтың әлеуметтік осал топ санатын қолдауға бағытталған. Оған қатысу үшін өтінім 2 лек бойынша қабылданады.
Қазіргі уақытта бірінші лек аясында 11,5 мың адам өтінім берген. Нәтижесінде 4 мыңнан астам адам кәсіп бастауға мүмкіндік алған.
«Гранттар жұмыссыз мәртебесіндегі немесе 3 жылдан аз жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Қаражат құрал-саймандарды, жабдықтарды, жануарларды сатып алуға, үй-жайларды жалға алуға және бизнес жобаларды жүзеге асыруға байланысты басқа да қажеттіліктерге жұмсалады», - деді Асқар Биахметов.
Айта кетейік, берілетін қаражат мөлшері мөлшері – 400 АЕК.



