00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада алдағы оқу жылында тағы 7 мектеп ашылады

16 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада алдағы оқу жылында тағы 7 мектеп ашылады
фото: дереккөзден

Бұл мектептер Қарасай батыр мен Бұланты көшелерінің қиылысында, Тұран даңғылы мен №24 көшенің қиылысында бой көтереді, деп хабарлады.  Elorda.info. 

Сол сияқты Кирпичный елді мекенінде, Тархан, Таха Хусейн, Қарқабат, Қабанбай батыр даңғылы  бойында орналасқан қолданыстағы мектептердің аумағына жаңа корпустар салынады. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында 2024-2025 жылдары 24 жайлы мектеп салынады. Олар 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қала әкімдігі 2024-2026 жылдары мектеп салу үшін 20 жер телімін бекітті. 

2027 жылға дейін барлығы 180 мыңға жуық оқушы орнына арналған 65 мектеп салу жоспарлануда. Бұл шаралар мектептерге шамадан тыс түсетін жүктеменің қазіргі қиындығын ғана емес, болашақта орын тапшылығы мәселесін толықтай шешеді. Оқу орындары қаланың барлық ауданын, оның ішінде елді мекендерді де қамтиды, - деп мәлімдеді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

айта кетійік қазір елордада 171 жалпы білім беретін мектеп бар. Олардың 101 – і мемлекеттік, қалған 63-і жекеменшік, 7- еуі республикалық мектеп.