Ақтауда тегін құлаққапқа таласқан жастар бірін- бірі таптап кете жаздады

Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Әлеуметтік желіде ұялы телефонға арналған ұсақ-түйек бұйымдар мен құлаққапқа таласқан ақтаулық жастардың видеосы жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.
«Ақтаудың бір дүкенінде тегін тарату акциясы өтіпті. Соған жасөспірімдер таласа жөнелді. Соңы әдеттегідей айқай-шумен, полиция қызметкерінің келуімен аяқталған», - деп жазды 112_aktau.
Сонымен қатар бірнеше баланың жерде жылап отырған сәттері көрсетілген. Паблик оқырмандарды оларды айыптап, түрлі пікір қалдырды.
«Бізге мәдениет жетіспейді», «Тегін таратуды да білмейсіңдер. Адам тегін дүниені асып тасып жүргенге емес, іздеп тауып жетпей отырған отбасыға береді», «Біздікілірге тегін нәрсе таратып қажет емес. Ұятсыздар»,- деген жазды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:17
Зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану: стоматологиялар жауапқа тартыла ма

17 қыркүйек, 2025
Полицейлер жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады

17 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» байқауы басталды

17 қыркүйек, 2025
Халықты баспанамен қамту: өңірлердегі қазіргі жағдай қалай