00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мектеп жиналысында бірін-бірі балағаттаған ақсулық ата-аналардың ісі сотта қаралды

24 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мектеп жиналысында бірін-бірі балағаттаған ақсулық ата-аналардың ісі сотта қаралды
Оңалхан Өнерхан

Павлодар облысының Ақсу қаласында WhatsApp әлеуметтік желісінде бейнеқоңырау арқылы өткен мектеп жиналысында ата-аналардың айқай-шуымен аяқталды. Бұл туралы Elorda.info Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қаладағы мектептердің бірінің екінші сынып оқушылары ата-аналары арасында онлайн-жиналыс өткен.

«Әңгіме барысында ата-аналардың бірі балағат сөздер айтқан. Ата-аналардың бірі оның бұл тәртібін ұнатпай, арыз жазған», – дейді Ақсу қаласы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

Ұсақ бұзақылық фактісі – қоғамдық орында айналасындағыларға балағат сөздер айтып, әдепсіздік білдірген ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралып, құқық бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері осындай фактілер бойынша Ақсу өңірінің 124 тұрғыны жауапкершілікке тартылды.