Жыл басынан бері қанша жұмыскердің құқығы қорғалды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 95 кәсіпорнында 8,2 мың жұмыскердің алдында 1,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 24 нұсқама беріліп, 3,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 948 млрд теңге төленді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады