00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда соңғы бес жылда бала туу көрсеткіші 7%-ға өскен

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда соңғы бес жылда бала туу көрсеткіші 7%-ға өскен
ашық дереккөз

2021 жылы Қазақстанда коронавирустық инфекцияның мерзімді өсуіне қарамастан туу көрсеткіші өскені байқалған. Осылайша, өткен жылы 450 652 бала дүниеге келді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 23 349-ға көп.

Былтыр КВИ ауруының өсуіне байланысты COVID-19-бен сырқат жүкті әйелдер мен бала туу жасындағы әйелдердің саны 2020 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Егер 2020 жылы олардың саны 10,2 мыңға жуық болса, 2021 жылы 26 050-ге жетті.

Реанимация бөлімшелерінде коронавирустық инфекция ауыр өтіп жатқан жүкті әйелдердің саны 2,4 есе көп, ал, өкпенің жалпы зақымдануы бар 61 пациент экстракорпоральды мембраналық оксигенация (ЭКМО) аппаратына қосылған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 4,5 есе көп болды.

Экстракорпоралды мембраналық оксигенация қондырғысы реанимациядағы пациенттің өкпесі мен жүрегінің қызметін қолдауға мүмкіндік береді.