1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні


Жыл сайын 1 маусымда әлемнің әр түкпірінде балаларды қорғау күні аталып өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
1949 жылы Парижде өткен әйелдер конгресінде екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан жетім қалған балалардың мәселесі көтерілген еді. Ал 1950 жылы 1 маусымда балаларды қорғау күні ретінде алғаш рет мереке ұйымдастырылды.
Жаңа бастаманы басқа елдер қолдап, бұл күн балалардың мерекесіне айналды. Қазіргі таңда балаларға қатысты қысым көрсету мен зорлық-зомбылықты тоқтатуға, бүкіл әлем балаларының өмірін жақсартуға бағытталған ауқымды істер жалғасын тауып келеді.
1 маусым - халықаралық балалар күні Армения, Әзербайжан, Беларусь, Эстония, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан сияқты елдерде, көбінесе бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған мемлекеттерде атап өтеді.
Бұдан бөлек, әлем халықтары 20 қарашада Халықаралық нәрестелер күнін, 16 маусымда Африкада Балаларды қорғау күнін мерекелейді. Ал біздің елімізде балаларға арналған көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылып, жалпыхалықтық деңгейде аталып өтіледі.



