Tesla әлемдегі ең қымбат автомобиль бренді болды
Tesla бір жыл ішінде әлемдегі ең қымбат автомобиль брендтерінің тізімінде екі орынға көтеріліп, алғаш рет Mercedes-Benz пен Toyota-дан асып түсті деп хабарлады Elorda.info Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Tesla брендінің құны қазір 66,2 миллиард долларға бағаланады, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 44%-ға, ал пандемияға дейінгі уақыттан бері бес есе өсті.
Брендті бағалаудағы мұндай өсім Tesla үшін өте ұтымды, өйткені брендтің танымалдылығы артады, яғни болашақта сатылымдар мен кірістер айтарлықтай өсуі мүмкін, - деді Brand Finance компаниясының бағалау жөніндегі директоры Алекс Хэй.
Toyota үшінші орынға түсіп, оның құны 18%-ға төмендеді ($52,5 млрд), Mercedes-Benz өзінің екінші орнын сақтап қалды (3%-ға төмендеп, $58,8 млрд құрады).
Осы секторда автокөліктерінің құны бірден өскен бренд Sokon болды. Оның бағасы бір жылда 123%-ға өсіп, $739 млн долларға дейін жету арқылы рекорд орнатты.
Brand Finance сарапшылары ең күшті автомобиль бренді ретінде Ferrari NV-ні танып, оған «AAA+» максималды рейтингі берілді. Брендтің күшін бағалау кезінде компания оның құнынан басқа көптеген көрсеткіштерді, соның ішінде маркетингтік инвестицияларды, операциялық нәтижелерді, сондай-ақ мүдделі тұлғалармен (қызметкерлерден, жеткізушілерден және акционерлерден бастап мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға дейін) қарым-қатынасты ескереді.
Ferrari брендінің құны негізінен еуро бағамының долларға төмендеуі есебінен бір жыл ішінде 8%-ға, $7,4 млрд қысқарды.
Автокөлік бөлшектерін өндірушілер арасында ең қымбат бренд әдеттегідей жапондық Denso болды,оның құны бір жылда 6%-ға, 4,5 млрд долларға дейін өсті.