БҰҰ АҚШ-тағы ықтимал ядролық сынақтарға қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 09:40
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views63
БҰҰ АҚШ-тағы ықтимал ядролық сынақтарға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Pixabay.com

БҰҰ президент Дональд Трамптың ядролық сынақтарды қайта бастау жөніндегі мәлімдемесіне байланысты тараптарды шиеленістің күшеюінен сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ТАСС.

 

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фархан Хак брифинг барысында әлемдегі ядролық қауіп-қатер деңгейі алаңдатарлық дәрежеде жоғары екенін атап өтіп, мемлекеттерді жағдайды ушығуы мүмкін кез келген әрекеттерден аулақ болуға үндеді.

— Бас хатшы қазіргі ядролық тәуекелдер тым жоғары екенін және қателіктер мен эскалацияның апатты салдарларға әкелуі мүмкін әрекеттерден бас тарту қажет екенін бірнеше рет атап өткен, — деді Хак.

Ол соңғы 80 жылда әлемде 2000-нан астам ядролық сынақ жүргізілгенін еске салды және бұл әрекеттердің «қатерлі мұра» қалдырғанын айтты.

— Бас хатшының көзқарасы бойынша, ядролық сынақтарға ешқандай жағдайда жол берілмеуі тиіс, — деді ол.

 https://kaz.inform.kz/news/buu-aksh-tagi-iktimal-yadrolik-sinaktarga-katisti-malmdeme-zhasadi-c909b9/