Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының ресми саны 37 мыңнан асты
Түркия мен Сирияда болған алапат жер сілкінісінен кейін адамдардың үйінді астынан тірі шыққаны туралы хабарламалар күн санап азайып барады. Әзірге соңғы тірі құтқарылғандардың бірі – Хатайдағы 12 жастағы ұл бала, деп хабарлады Elorda.info Euronews-ке сілтеме жасап.
Гуманитарлық ұйымдардың бағалауы бойынша миллиондаған адам шұғыл көмекке мұқтаж. Бұл мәселе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы мен Еуропарламенттің арнайы сессиясының тақырыбына айналды.
Еуропа Түркия мен Сирия халықтарын қолдайтынын атап өткім келеді. Біздің азаматтық қорғау тетігіміз іске қосылды, көмек жеткізілуде және одан әрі де жалғасады, - деді Еуропарламент спикері Роберта Метвола.
Еске салайық, аумақтарда бірқатар ірі жер сілкінісі 6 ақпанда басталды. Магнитудасы 7,8-ге дейінгі дүмпулер Түркия мен Сирияда ғимараттардың жаппай қирауына әкеп соқты. Эпидорталық аймағында ені 200 м жететін жарық пайда болды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, тек Түркияда жүз мыңнан астам ғимарат ішінара немесе толығымен қираған. Мыңдаған адам әлі де үйінді астында қалуы мүмкін.