00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қытай қаңтардан бастап карантиндік шектеулерді алып тастайды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қытай қаңтардан бастап карантиндік шектеулерді алып тастайды

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы 8 қаңтардан бастап COVID-19-ға қатысты шектеулерді жеңілдететінін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Global Times-тың жазуынша, елге келгендер бұдан былай карантинді қажет етпейді. Сонымен қатар билік коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары аймақтарды анықтамайды.

Сондай-ақ елде жолаушылар көлігінің, су және құрлық порттарының кіру-шығуы реттелген түрде кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Алайда Қытайға келген шетелдіктер кетуден 48 сағат бұрын тестілеуден өтуі керек.

Жергілікті үкіметтер енгізген кең ауқымды құлыптау және қозғалысты шектеу сияқты шаралар енді қолданылмайды.