00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Түркияда ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Түркияда ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса провинциясында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды, деп хабарлады Elorda.info.

Оқиға Османғазы ауданындағы Оваакча жылу электр орталығы маңында болған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары, өрт сөндірушілер мен дәрігерлер тартылған.

Ұшақ оқу-жаттығу мақсатында көкке көтерілген. Құтқарушылар апат туралы ЖЭО қызметкерлерінен білген.