Қытайда полицейлер көбейіп, қауіпсіздік күшейді
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Наразылық акциялар белең алған Қытайда қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.
Бейжің көшелерінде полиция көбейген. Тұрғындардың бас көтеруіне коронавирустық шектеу шаралары себеп. Мәселен, Үрімжі қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде шыққан өртті ауыздықтау үшін мамандарға шектеу шаралары кедергі келтірген. Салдарынан 10 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға бұқараның жаппай наразылығын тудырды.
Ұқсас жаңалықтар