00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АҚШ тұрғыны лотереядан 2,4 млрд доллар ұтып алды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
АҚШ тұрғыны лотереядан 2,4 млрд доллар ұтып алды

АҚШ тұрғыны лотореядан тарихтағы ең үлкен джекпотты ұтып алды, деп хабарлады Elorda.info.

Белгісіз тұрғын билеттегі 6 санды дәл тауып, 2,4 миллиард доллар ұтып алған. Оның нақты кім екені әзірге белгісіз. Иесін бір сәтте бай қылған билет Калифорния штатында сатылған деген ақпарат бар.

Бұл сома 3 айдан бері жиналған екен. Осы уақыт ішінде ешбір адам жасырылған сандарды таба алмай келіпті. Тамыз айында джекпот ұтқан адам 206 миллион АҚШ долларына ие болған еді.