00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сутегімен жүретін пойыз сынақтан өтті

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Сутегімен жүретін пойыз сынақтан өтті

Германиядағы Siemens компаниясының сынақ полигонында Mireo Plus H пойызы алғаш рет жолға шықты. Оған қоса сутегі пойызына жанармай құюға арналған жылжымалы станция да таныстырылды, деп хабарлады Elorda.info Rail-news.kz-ке сілтеме жасап.

Сынақ алаңына Германия темір жол басқармасының (DB) төрағасы Рихард Лутц, ГФР Цифрландыру және көлік министрлігінің мемлекеттік хатшысы Хармут Хёппн және Siemens компаниясының басшысы Роланд Буш барды.  

Mireo Plus H пойызы мен жанармай құю станциясы DB мен Siemens Mobility-дің 2020 жылдың қараша айынан бастап Федералды цифрландыру және көлік министрлігінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырып жатқан Mireo Plus H жобасының бір бөлігі ретінде әзірленді.

Соңғы бірнеше айда сутегімен жүретін пойыздың жанармай құю процестері сынақтан өтіп, сертификаттау жұмыстары жүргізілді.

Mireo Plus H пойызы жанармай құю бекетіне тоқтаған соң, 800 км-ге дейін жүре алады. Негізгі көрсеткіштері бойынша ол электр пойыздарына сәйкес келеді және жылдамдығын 1,1 м/с²-ге дейін үдетіп, 160 км/сағ игере алады.