00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұзақ жыл Қазақстанда бой тасалаған ресейлік маняк ұсталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұзақ жыл Қазақстанда бой тасалаған ресейлік маняк ұсталды

Омбы мен Калачинскіде сегіз әйелді зорлады деп айыпталған 63 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Gorod55.ru сайтының жазуынша, «Форточник» лақап атымен аталатын маньяк полицейлерден 12 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келген. Оған қатысты 2010 жылы зорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол құрбандарының пәтерлеріне терезе арқылы кіретін болған соң, сол үшін осындай лақап атқа ие болған.

2012 жылы маньяк Қазақстанда ұрлық үшін жазасын өтеген.

Қылмыскердің айтуынша, ол Қазақстанда ұрлық жасап, 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтегеннен соң біраз уақыттан кейін ол Омбыдағы әйеліне оралу туралы шешім қабылдайды. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр, – деп хабарлады Омбы облысының құқық қорғау органдары.

Туған жеріне оралған «Форточник» тағы да біреудің мүлкін ұрлаған. Қазір күдікті Тергеу изоляторында. Аймақ полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адам осы жылдар ішінде Омбы облысында 8 мәрте әйелдерді зорлау әрекетін, сондай-ақ басқа да бірқатар қылмыс жасаған.