Әлемде ет жарнамасына тыйым салынды
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Нидерланды мемлекетінің Харлем қаласы ет жарнамасына тыйым салды, деп хабарлады Elorda.info.
Guardian мәліметінше,осы заңның көмегімен мал шаруашылығының климатқа әсерін төмендетуге болады.
Заң 2024 жылдан бастап күшіне енеді. Жарнама қоғамдық орындарда, экран беттерінде жарияланбайды. Харлем қаласы билігінің айтуынша, мал жейтін жемді өсіру үшін тыңайтқыш керек, ал бұл топырақ пен суды ластайды. Ол өз кезегінде қоршаған ортаға зиянын тигізеді.Сол себепті қоршаған ортаны ластауға себепші болатын өнімдерді жарнамалау қисынсыз болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар