00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Испанияда аптап ыстық салдарынан 360 адам қаза болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Испанияда аптап ыстық салдарынан 360 адам қаза болды

Мұндай мәліметті Карлос үшіншінің денсаулық институты жариялады.

Қазір Испанияда сынап бағанасы 46 градусқа дейін жеткен. Шыжыған ыстықта өрт сөндірушілер ормандағы қызыл жалынмен күресіп әлек.

Аль-хаурин эль Гранде аумағындағы алапат өрт жергілікті халыққа қатер төндіріп, мыңдаған адам эвакуацияланды.

Малага аймағындағы орманды да қызыл жалын шарпыған.

Португалиямен шектесетін Эстре-мадура өңірі де отқа оранды. Мұндағы тілсіз жаумен күреске Испания әскері тартылды.