Маймыл шешегі- бұл COVID 2.0 – жалған ақпарат
Stopfake.kz мәліметінше, видео авторы маймыл шешегі – бұл жаңа пандемия ұйымдастырып, адамзатты құлдыққа түсіруге бағытталған әлдебір әлемдік үкіметтің екінші жоспары деп мәлімдейді.
COVID-19 және маймыл шешегі – екі түрлі ауру, олардың қоздырғыштары, белгілері, клиникалық көріністері және басқа да сипаттамалары әртүрлі. Covid-19-ды SARS-CoV-2 коронавирусы тудырады және қызудың көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, жөтел, бұлшықет ауруы, әлсіздік, иіс пен дәм сезу қабілетінен айырылу сияқты белгілері болады. Аурудың ауыр ағымында өкпенің зақымдануына және пневмонияға әкелуі мүмкін. Бұл ауа тамшы жолдарымен берілетін жұқпалы ауру.
Ал маймыл шешегі ауруы Poxviridae тобындағы ортопоксвирустар тобына жататын маймыл шешек вирусынан туындайды. Бұл дертке тән белгілер – қызудың көтерлуі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және теріге сырттай желшешек кезінде болатын бөртпелерге ұқсас бөртпелер шығады. Маймыл шешегі ауру жұқтырған жануардан адамға биологиялық сұйықтықтар арқылы беріледі. Адамнан адамға ұзақ және тығыз байланыс кезінде жұғады.
Маймыл шешегі ауруы бүкіл әлемге таралып, COVID-19 пандемиясының деңгейіне жетеді деген болжамдар негізсіз.
Маймыл шешек ауруына келсек, бұл ретте жағдай мүлдем басқаша. Бұл ауру туралы адамзат 1958 жылдан бері біледі. Дәрігерлерге дертке шалдыққандардың жағдайын жеңілдету және өлімге жол бермеудің жолдары мәлім, ал табиғи шешекке қарсы вакциналар маймыл шешек ауруынан да қорғайды.
Демек, маймыл шешегінің тағы бір пандемияға айналу мүмкіндігі өте аз. Маймыл шешек вирусының жұққыштығы өте төмен, әлемде аурудың таралуын болдырмау үшін табиғи шешекке қарсы вакциналар жеткілікті.