Қазақстанның шетелдердегі елшіліктерінде референдумға дауыс беру жүргізіліп жатыр
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Түркиядағы елшілікте №286 дауыс беру учаскесі өз жұмысын жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де бастады. Қазақстан азаматтары өз дауыстарын кешкі сағат 20:00-ге дейін бере алады, – делінген Қазақстанның Түркиядағы елшілігі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ еліміздің Италиядағы елшілігі жанындағы №245 референдум учаскесі де өз жұмысын бастады.
Қазақстанның Малайзиядағы елшілігінде де референдумға дауыс беру басталды.
Куала-Лумпурдағы Учаскіде алғашқы болып дауыс берген отандасымызды қарсы алдық, – деп жазды Қазақстанның Малайзиядағы елшілігі.
Қазақстанның Франциядағы елшілігінде де референдумға дауыс беру жүргізіліп жатыр.
Париж қаласындағы №246 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар