00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Стреске жеткізген»: АҚШ азаматы басшысын сотқа беріп, 450 мың доллар өндіріп алды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Стреске жеткізген»: АҚШ азаматы басшысын сотқа беріп, 450 мың доллар өндіріп алды

Оқиғаның өзі 2019 жылы өткен екен. Берлингтің адвакатының сөзінше, ер адам әріптестерінен алдын ала өзін туған күнімен құттықтамауын өтінген, өйткені психикалық бұзылыстары кесірінен оған жұрттың назарында болу қиынға соғатын. Алайда кеңседе оның бұл өтінішін ұмытып кетіп, әріптестері Кевиннің туған күнінде түскі үзіліс кезінде дастархан жаяды. Осы себепті Кевин стреске түсіп, бойын үрей билей бастаған. Ол көшеге шығып, көлігіне отырады да, тыныс алу жаттығулары арқылы тынышталады.

Келесі күні әріптестері Кевиннің буртүрлі мінез-құлқын байқайды. Туған күн кезіндегі конфликт оның психикалық бұзылысын қоздырып жіберген. Кевин бойын билеген үрейден арылу үшін өзін-өзі құшақтай бастаған. Тіпті терапевпен де жұмыс істеген. Алайда әріптестері оның бұл әрекетін агрессивті деп танып, өздеріне күш қолдануы мүмкін деп ойлайды. Көп ұзамай оны демалысқа жібереді де, артынша «өткен аптадағы тәртіпсіздігі үшін» жұмыстан шығарып жібереді.

Кевин жұмыс берушінің үстінен арызданып, сотқа береді, алқа билер оны қолдап шығады. Осылайша ол 450 мың доллар өндіріп алады. Оның 300 мың доллары өткен уақыттағы және болашақтағы жан жарасы үшін моральдық зиянның өтемақысы болса, қалған қаражат – жәрдемақы және жалақының компенсациясы есебінде төленеді.