00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көктемде қайда демалуға болады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көктемде қайда демалуға болады

Көктем дегеніміз - қысқа демалысқа, билеттер сатып алуға және бүкіл отбасымен саяхаттауға тамаша мүмкіндік. Олай болса осы уақытта демалуға болатын мемлекеттер тізімін ұсынамыз.

Өзбекстан

Наурыз айы Өзбекстанға бару үшін ең қолайлы айлардың бірі болып саналады: жаздағыдай ыстық емес, ал қысқы батпақ артта қалған. Бұл көне қалалар мен көрікті жерлерге саяхаттау үшін тамаша уақыт. 

 

Кіру ережелері

Шетелден келген екі жастан асқан жолаушылар, соның ішінде екпе алған жолаушылар Өзбекстанға келуден кемінде 48 сағат бұрын коронавирус инфекциясына ПТР сынамасының теріс нәтижесін беруі керек.

Қырғызстан

Қырғызстан ашық ауада серуендеуді ұнататындар үшін тамаша жер болып табылады. Бішкектен тауға бір-екі күндік турға оңай баруға болады. Ал релаксацияны ұнататындарға да демалыс табылады. Наурызда суға түсуге әлі ерте екеніне қарамастан, Ыстықкөлде санаториялық демалысты ұсынатын демалыс орындары көп.

Кіру ережелері

Қырғызстанға баратын барлық жолаушылар ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсетуі керек. Анықтама материал жиналған күннен бастап 72 сағат бойы жарамды. Алты жасқа дейінгі балалар сынақ тапсырудан босатылады. 

Әзербайжан

Әзербайжанда көктем ерте басталады. Наурыз айында Баку қаласымен ұзақ серуендеуге болады, серуен барысында осы ежелгі қаланың қаншалықты заманауи екеніне көз жеткізесіз.

Кіру ережелері

Жолаушылар вакцинаның толық курсын алғанын растайтын COVID-19 вакцинациясының төлқұжатын, сондай-ақ, ұшуға дейін 72 сағат ішінде тапсырылған теріс ПТР сынамасы бар анықтаманы көрсетуі қажет. Вакцинация құжаты мен ПТР сынағы анықтамасында QR код болуы керек. Бір жасқа дейінгі балалар ПТР сынағын тапсырудан босатылады, ал бір жастан 18 жасқа дейінгі балалар тек ПТР сынағының нәтижесін көрсетсе болады.