00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Жириновскийдің өлімін жоққа шығарды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Жириновскийдің өлімін жоққа шығарды

Жириновскийдің жағдайы қалыпты. Дәрігерлер медициналық көмек көрсетіп жатыр, - деп мәлімдеді РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.

Оқи отырыңыз: Владимир Жириновский қайтыс болды – БАҚ

Сондай-ақ Дума спикері Вячеслав Володин да сенатор Александр Пронюшкиннің РЛДП жетекшісі Владимир Жириновскийдің қайтыс болуы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.

Владимир Вольфович Жириновскийдің денсаулығына алаңдайтындардың барлығын тыныштандырғым келеді. Ол – тірі. Оның жағдайы шынымен ауыр. Бүгін оған КТ жасалды. Біз ол үшін алаңдаймыз, дәрігерлер ол үшін күресуде. Ол өзі үлкен адам. Оған тезірек сауығып кетуді тілейік, – деп жазды саясаткер Telegram каналында.