Әзербайжанда Новруз мерекесіне дайындық басталды
Аңызға сәйкес, Құдай бірінші суды жаратқан, сондықтар алғашқы сейсенбіде «Су чершенбеси» аталып өтіледі. Кейбір дереккөздер бұл күнді «алғашқы сейсенбі», «гүлді сейсенбі» деп те атайды.
Ежелгі нанымға сәйкес, «Су чершенбеси» суға табыну күні болып саналады. Күн шыққан бойда «жаңа су» жинау керек, ол су мыңдаған ауруға ем деген сенім бар.
Новруз мерекесі көктемнің жаршысы және жылдың басы болып саналады. Сондықтан адамдар осы жыл су сияқты мөлдір және тұнық болуын сұрайды. Бұл күні алғашқы от жағылады, бұл мұздың еріп, қыстың артта қалғанын көрсетеді.
Бірінші сейсенбіде - «Су чершенбеде» үстелде су тұруы керек. Егер үстелге су төгілсе, бұл жақсы ырым болып саналады, яғни жыл молшылық пен байлық әкеледі. Бұл күні ағып жатқан судан өтуге болмайды, бұл сәтсіздікке әкелуі мүмкін.
Әзербайжанда 2 наурызда «Од чершенбе» (өрт сейсенбісі), 9 наурызда – «Йел чершенбе» (жел сейсенбісі) аталып өтеді. Новруздың «Торпаг чершенбесі» (жер сейсенбісі) 16 наурызға келеді. Сейсенбіде, төрт апта бойы Новруздың алдында аулаларда от жағылады, дәстүр бойынша ескі жылы барлық қиыншылықтар мен қайғы-қасіретті артта қалдыру үшін оттан үш рет секіру керек.
Айта кетейік, биыл көктем Әзербайжанда 20 наурыз күні сағат 13:37-де кіреді. 20 наурызда елде мереке қарсаңы, ал 21 наурызда мерекенің өзі тойланады.