00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үндістанда құс тұмауы өршіп тұр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үндістанда құс тұмауы өршіп тұр

Жақын күндері Шахапур аймағындағы фермада инфекцияның таралуын тоқтату үшін 25 мыңнан астам құс жойылады.

Жақында Шахапурдағы Вехлоли ауылындағы құс фабрикасында 100-ге жуық құс өлді. Үлгілері зерттеу үшін Пунадағы зертханаға жіберілді, олардың H5N1 құс тұмауынан өлгені расталды, - деді жергілікті билік өкілдері.

Бұл Үндістанда биылғы құс тұмауының алғашқы өршуі емес. Бихар штатының билігі бейсенбіде H5N1 вирусы салдарынан Патна маңындағы фермада 4000-ға жуық құстың 787-сі өлгендігін, ал қалған құстардың барлығы сойылғанын хабарлады.