Таиланд астанасының атауы өзгереді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Корольдік ғылыми кеңес халықаралық жер-су атауларының сөздігіндегі елдердің, аумақтардың, әкімшілік аймақтардың және астаналардың емлесін «қазіргі жағдаймен сәйкестендіру үшін» жаңартты.
Заң комиссиясы жаңа тізілім бойынша зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін ол күшіне енеді, – деп көрсетілген Кеңес мәлімдемесінде.
Таиланд премьер-министрінің кеңсесі берген түсініктемеге сәйкес, мәтіндегі Бангкок сөзі қаланың жаңа атауынан кейін жақшаға алынып жазылуы мүмкін.
Ел астанасының ағылшынша атауы Бангкок болғанымен, ол ежелден тай тілінде Крунг-Тхеп-Маха-Накхон деп аталып келген. 2001 жылдан бастап ел билігі Бангкокты ресми атау ретінде бекітті.
Ұқсас жаңалықтар