Астронавтар көршілес жұлдыздар жүйесіндегі жаңа планетаны ашты
Меркурийдің Күнге жақындығынан гөрі Проксима-d өз жұлдызына едәуір жақынырақ орналасқан, сондықтан онда сұйық су болуы неғайбыл. Алайда қазіргі таңда ол ғаламдағы ең жеңіл экзопланета болып отыр, бұл жайт астрономдарға Жерге ұқсас планеталарды табуға үміт береді.
Проксима секілді салмағы жеңіл планеталар біздің галактикамыздағы тіршілік бар ең кең таралған планеталар болуы мүмкін, – дейді зерттеу авторлары.
Ғалымдар жаңа планетаны кедір-бұдырлы экзопланеталарға арналған Echelle спектрографы мен тұрақты спектроскопиялық зерттеулерге арналған құрылғы арқылы анықтаған. Проксима-d планетасын ашу үшін ғалымдар оны екі жыл бойы бақылаған.
Біздің ең жақын жұлдызды көршіміз жаңа қызықты әлемге толы сияқты, олардың бәрін болашақта тереңінен зерттейтін боламыз, – дейді Астрофизика және зерттеулер институтының зерттеушісі Жуан Фария.