Олжас Бектенов Ұлытау облысындағы апатқа байланысты көңіл айтты


Олжас Бектенов Ұлытау облысында шахтадағы апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есепті тыңдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Отырыста Премьер-министр Олжас Бектенов қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды.
«Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз», - деп атап өтті Премьер-министр.
Айта кетейік, бұған дейін қаза тапқан кеншілердің фотосы жарияланған болатын.



