00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Үкіметте ІТ-қызметтері экспортын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте ІТ-қызметтері экспортын дамыту мәселелері қаралды
фото: t.me/KZgovernment

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ІТ-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай IT-экспортының жалпы көлемін $1 млрд-қа дәйін жеткізу міндетін қойды.
IT-қызметтер мен өнімдер экспортын ұлғайту бойынша алдағы жұмыстарда өңірлердегі акселерация бағдарламаларын дамытуға және серіктес-инвесторлар қатарын кеңейтуге баса назар аудару керек. Осы саланың қозғаушы күші өңірлік IT-хабтар мен венчурлік қорлар болуы тиіс», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Astana Hub және Қарағанды террикон алқабының үлгісі бойынша өңірлік IT-хабтарды қолдау жөніндегі жол картасын әзірлеу міндетін қойды. Әкімдіктерге қаржыландыру мәселесін жедел шешу тапсырылды.

Үкімет отырысы барысында ІТ-компаниялары өкілдері: Netcracker Technology компаниясы кеңселерінің техникалық директоры Павел Городов, Higgsfield АІ компаниясының бас директоры Ерзат Дулат, Grand Mobile бас директоры Роман Линец сөз сөйледі

 Премьер-министр ІТ-қызметі қызметтер мен өнімдер экспорттауға бағытталған IT-компаниялар үшін мемлекеттік қолдау шараларын өзектендіруді тапсырды.

Венчурлық қор құру рәсімдерін жеделдету қажеттігіне ерекше назар аударылып, қор көлемі 2025 жылдың соңына қарай $1 млрд-қа дейін жеткізілді, осыған байланысты Цифрлық даму министрлігіне наурыз айының соңына дейін Qazaqstan Venture Group басқарушы компаниясын құру және лицензиялау жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

Сонымен қатар ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу рәсімдерінің барлығын цифрландыру міндеті қойылды. Премьер-министр тиісті платформа қазір жұмыс істеп тұрғанына назар аударды. Мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушыларды қосу қажет. Нәтижесінде, бұл отандық инновациялық әзірлемелерге деген сұранысты арттырып, олардың халықаралық нарықтарға шығуына ықпал етеді.