Қазақстанда алғашқы АЭС салынатын орын белгіленді
Фото: freepik.com
Үкімет өз қаулысымен Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу орнын ресми түрде бекітті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстанда атом станциясын салатын орынды бекіту туралы Үкімет қаулысы ресми нормативтік актілер базасында жарияланды.
«Ядролық қондырғы – «Атом электр станциясы» құрылысын жүргізу орны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы белгіленсін», - делінген құжатта.
Премьер-министр Олжас Бектенов 30 желтоқсанда құжатқа қол қойған. Дегенмен бұйрық 25 ақпанда жарияланған күні күшіне енді.
Айта кетейік, 8 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қазақстанда атом электр станциясын салуды тездетуді ұсынған еді.
Ұқсас жаңалықтар
30 қазан, 2025
Әкім орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылады: Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды
28 қазан, 2025
Ақпараттық қауіпсіздік орталығы энергетика саласын киберқауіптерден қорғауды қамтамасыз етеді — Бектенов
28 қазан, 2025
Елімізде электр энергетикасы саласындағы негізгі үдерістерді автоматтандыру көзделген — Мәдиев
28 қазан, 2025
«Самұрық-Энерго» жаңа генерациялау нысандарын салу бойынша 30-дан астам жобаны іске асыруға ниетті
