00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстанда 140 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды

Қазақстанда 140 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды
Фото: Үкімет

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Ол биылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша мүгедектігі бар адамдар арасында 148 мың адам немесе еңбекке қабілетті адамдардың 39%-ы жұмыспен қамтылғанын хабарлады. Бұл ретте өңірлер бойынша жұмыспен қамту деңгейі 50%-ға жетпейді.

Жұмыспен қамту салалары бойынша ғылыми қызмет (28%), мемлекеттік басқару (12%), білім беру және сауда (9%), денсаулық сақтау (7%) көш бастап тұр.

«Кәсіптер бойынша мүгедектігі бар адамдардың 21%-ы кәсіби мамандар, 19%-ы біліктілігі жоқ қызметкерлер, 13%-ы техник-мамандар, 11%-ы – басшылар мен мемлекеттік қызметшілер; қызмет көрсету, сату саласында жұмыс істейтін қызметкерлер», - деп атап өтті Светлана Жақыпова.