Жастар ойындарында елордалық Едіге Емберді күміс жүлдегер атанды

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Алматы қаласында ауыр атлетикадан VI Жастар спорттық ойындары басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Төрт жылда бір рет өтетін бұл ауқымды жарысқа еліміздің 17 өңірінен 212 спортшы қатысып жатыр.
Астана қаласының намысын қорғаған Едіге Емберді 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 334 кг (149+185) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.
Жастар спорттық ойындарында елордалық тағы бір спортшы жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, VI Жастар спорттық ойындары 6 наурызға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне кімдер қатысады

18 қыркүйек, 2025
Министр садақ атудан тарихи медаль жеңіп алған спортшылармен кездесті

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады

17 қыркүйек, 2025
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды