Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияда өткен турнирде жеңіске жетті

Фото: Olympic.kz
Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды.
Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынды иеленген еді.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады

17 қыркүйек, 2025
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды

17 қыркүйек, 2025
Шорт-тректен олимпиадалық маусымға арналған Қазақстан құрамасы жарияланды

16 қыркүйек, 2025
Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында өнер көрсетеді