Жәмилә Бақбергенова халықаралық турнирде күміс медаль алды

фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Бұл күндері Будапешт қаласында (Мажарстан) күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық құрама көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова (72 кг) ақтық сында Үндістан өкілі Харшита Харшитаға жол берді.
Тағы бір отандасымыз Нилуфар Райымова (57 кг) қолаға қол жеткізді.
Енді жарыс жолына 3 спортшымыз, яғни Тыныс Дүбек (62 кг), Ирина Казюлина (68 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг) шығады.
Сонымен қатар бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері көтеріледі. Айта кетейік, аталмыш жарысқа 14 елден 99 үздік қатысушы жиналды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:41
Футболдан Қазақстан құрамасы толық құрамда дайындыққа кірісті

Бүгін, 13:21
«Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридпен» матчтың билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады

31 тамыз, 2025
Астанада Конституцияның 30 жылдығына арналған ашық чемпионат өтіп жатыр

31 тамыз, 2025
Елордада Конституция күніне орай өткен Saryarqa Run жүгірісіне 1500 адам қатысты