Өзбекстан чемпионатында екі этникалық қазақ чемпион атанды
Фото: instagram.com/boxinguzbekistan_official
Бокстан Өзбекстан чемпионаты аяқталды. 13 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста қаны қазақ боксшылар да қатысып, жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарысқа қатысқан 15 қазақ боксшысы арасынан 6-ауы жүлделі орыннан көрінді. 63,5 келі салмақта Руслан Абдуллаев жарыс жеңімпазы атанды. Ал 60 келі салмақта Мадияр Данияров топ жарды.
Финалға шыққан Мадияр Сайдрахимов (92 келі) пен Арман Маханов (+92 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал Саят Ілиясов (54 келі) пен Сабыржан Тастанов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:08
Жасөспірімдер Азиадасы: қазақстандық спортшы жүзуден қола жүлдегер атанды
27 қазан, 2025
Регбиден Қазақстан құрамасы Оманда өткен турнирде топ жарды
27 қазан, 2025
Азия ойындары: Таеквондодан Қазақстан құрамасы бес медаль еншіледі
26 қазан, 2025
Руслан Есеналин Азия ойындарының жүлдегері астаналық Анель Цойды құттықтады
