Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама үш алтын жеңіп алды
Фото: Оңалхан Өнерхан
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Думан» қонақ үй және спорт кешенінде өткен жарыста әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы – алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде еншіледі.
Ал ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов – алтын, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлде алды.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алып, көшпенділер ойындарының тағы бір алтын жүлдесіне ие болды. Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында – Ресей және Моңғолия.
Ұқсас жаңалықтар
23 қазан, 2025
Астанада көркем гимнастикадан Grand Prix Alem бәсекесі басталды
23 қазан, 2025
Рамазан Айнегов триатлоннан Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды
22 қазан, 2025
Несіп Жүнісбайұлы: Ауыз «ойнамасын», аяқ ойнасын
22 қазан, 2025
Қазақстандық теннисші Жапониядағы жарыстың ширек финалына өтті
