Теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ-та сенсация жасады

Фото: Қазақстан теннис федерациясынан
Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі Алан Важнымен кездесті.
Алан Важны сонымен қатар ересектер арасында ATP рейтингісінде 1750-сатыда тұр.
Соған қарамастан, Заңғар азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Тартысты бәсеке бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды.
Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін ITF Juniors рейтингісінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Полданиуспен ойнайды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:01
Астанада XX жазғы Азия ойындарына арналған жүгіріске 100-ден астам адам қатысты

2 қыркүйек, 2025
Футболдан Қазақстан құрамасы толық құрамда дайындыққа кірісті

2 қыркүйек, 2025
«Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридпен» матчтың билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады

31 тамыз, 2025
Астанада Конституцияның 30 жылдығына арналған ашық чемпионат өтіп жатыр