Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Боксшы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында колумбиялық Ингрит Лорена Валенсия Викторияны сенімді ұтты, деп хабарлады Elorda.info.
Назым бокстан команда қоржынына кемі екінші қола жүлдені салды. Енді ол финалға берілер жолдаманы сарапқа салады.
Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған.
Ал Ингрит Лорена - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен 3-рет Олимпиадаға қатысып тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:39
Астаналық спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Бүгін, 10:08
Жасөспірімдер Азиадасы: қазақстандық спортшы жүзуден қола жүлдегер атанды
27 қазан, 2025
Регбиден Қазақстан құрамасы Оманда өткен турнирде топ жарды
27 қазан, 2025
Азия ойындары: Таеквондодан Қазақстан құрамасы бес медаль еншіледі
