Әмір Омарханов АҚШ-тағы әлемдік жарыстың жеңімпазы атанды
17 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: ktf.kz
Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы Әмір Омарханов жұптық сында АҚШ-тың Флорида штатында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге 18 жасқа дейінгілер арасында үздік шықты.
Қазақстандық-ресейлік жұп финалда швейцариялық Анри Берно – чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов – Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті – 3:6, 6:1, 10:1.
Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде өткізіледі. Жарыс жасөспірімдер арасында ресми емес әлем чемпионаты болып есептеледі. Матчтар жасыл топырақ төсенішінде ашық корттарда ойналады.
Ұқсас жаңалықтар
12 қаңтар, 2025
Қазақстан фристайлдан әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады
11 қаңтар, 2025
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
11 қаңтар, 2025
Биыл ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады
10 қаңтар, 2025
Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты