00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

11 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Иордания астанасы Амман қаласында өтетін күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатына қатысатын балуандарымыз белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Дүбірлі додада 14-20 тамыз аралығында өтеді. Оған еліміздің атынан грек-рим, еркін және әйелдер күресінен спортшылар қатысады.

Бапкерлер грек-рим күресінен Исхар Құрбаев (55 келі), Сайфулла Құрман (60 келі), Дінислам Сағитжан (63 келі), Азиз Гасымов (67 келі), Елдос Камелов (72 келі), Олжас Ерғали (77 келі), Ислам Евлоев (82 келі), Нұрасыл Аманалы (87 келі), Нұртас Қыдырбай (97 келі) мен Джохар Узаров (130 келі) сынды балуандарға сенім артып отыр.