Көркем гимнасшылар Азия біріншілігінде бақ сынайды
2 мамыр, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлады Elorda.info.
Құрлық додасында Қазақстаннан жалпы есебі 8 спортшы бақ сынайды.
Жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.
Ал топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко, София Ан сынға түседі.
Айта кетелік, осы Азия чемпионатында жекелей сыннан 1, топтық жаттығудан 1 олимпиадалық жолдама ойнатылады.
Лицензия көпсайыс нәтижесі бойынша беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады