Конференция лигасы: Бүгін «Астана» командасы «Корвинулмен» кездеседі
19 тамыз, 2024
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Бүгін Алматыда «Астана» мен «Корвинул Хунедоара» арасында Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Өткен аптада Григорий Бабаян шәкірттері бірінші болып гол жіберіп алғанымен, ойынның екінші таймында Усман Камара және Джеффри Чинеду голының арқасында жеңісті жұлып алды. Демек «Астананың» келесі кезеңге өтуге тамаша мүмкіндігі бар.
Ал Румынияның вице-чемпионы «Астанамен» текетіреске дейін ел чемпионатындағы барлық кездесулерін кейінге қалдырды. Алғашқы кездесуде бұл қадам нәтиже бермеді. Қарымта кездесуде оның қалай болатынын көреміз.
Айта кетейік, бұған дейін қос клуб Еуропа кубогында кездеспеген.
Кездесу сағат 19:00-де басталып, «Ел арна» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ұқсас жаңалықтар
24 наурыз, 2026
Президент альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
24 наурыз, 2026
Қазақстан WADA-мен өзара меморандумға қол қойды
22 наурыз, 2026
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Астана тұрғындарына тілегін арнады
22 наурыз, 2026
Боксшы Нұрбек Оралбай Наурыз мейрамына өз тілегін арнады