Елордада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Фото: Elordainfo.kz
Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан 3-5 қазан аралығында «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Denis Ten Memorial Challenge 2024» V халықаралық турниріне 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады.
Жарыс жеке конькимен сырғанау, сондай-ақ мұз биі бойынша жасөспірімдер мен ересектер санаттарында өтеді.
Айта кетейік, турнирді «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырған. Бас демеуші - «Самұрық-Қазына» АҚ.
Жарысқа Астана қаласының әкімдігі және «Sportqory» спортты қолдау қоры қолдау көрсетіп жатыр.
Жарыс кестесі ұйымдастырушының @denistenfoundation ресми аккаунтында жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:12
Азия ойындары: Ұлттық құрама жағажай волейболынан іріктеу сайысында жеңіске жетті

20 қазан, 2025
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шахмат олимпиадасы басталды

20 қазан, 2025
Қазақстан мен Түркия теннис саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

20 қазан, 2025
Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әскери ант берді