00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Азияның ең үздік теннисшілері Астанада бақ сынайды

12 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Азияның ең үздік теннисшілері Астанада бақ сынайды
Фото: Olympic.kz

Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

6-13 қазан аралығында Астанада үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан астанасы алғаш рет құрлықтық біріншілікті қабылдайды. Чемпионатқа Азияның барлық үздік ойыншылары қатысады. Бұл дүрмекте 26 елден барлығы 210 спортшы өнер көрсетеді деп жоспарланған. Қазақстан намысын Рио-2016, Токио-2020, Париж-2024 олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименко, 2020 жылғы Олимпиаданың қатысушысы Анастасия Лаврова, микстегі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан Құрманғалиев, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашева және басқа да спортшылар  қорғайды.  

Қатысушылар арасында командалық есептегі олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Қытай спортшысы Ван Чуцинь, командалық есептегі олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Мива Харимото және Миу Хирано (Жапония), Олимпиаданың алтын және күміс жүлдегері Сунь Инша (Қытай), микстегі Олимпиада чемпионы Мима Ито (Жапония), командалық есептегі Олимпиаданың қола жүлдегері Томоказу Харимото (Жапония) бар.

Айта кетейік, жүлделер ерлер мен әйелдер арасында жеке, командалық, сондай-ақ жұптық және аралас разрядтарда ойналады.