Қазақстандық спортшылар фристайл-акробатика жарысында қола медаль еншіледі
фото: Olympic.kz
Фристайл-акробатикадан Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде үшінші нәтиже көрсетті.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленді. Екінші орынға да қытайлық спортшылар жайғасты.
Осылайша, фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Бұған дейін Аяна Жолдас жекелей сында қола жүлде алса, аралас команда күміс медаль жеңіп алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
23 қазан, 2025
Астанада көркем гимнастикадан Grand Prix Alem бәсекесі басталды
23 қазан, 2025
Рамазан Айнегов триатлоннан Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды
22 қазан, 2025
Несіп Жүнісбайұлы: Ауыз «ойнамасын», аяқ ойнасын
22 қазан, 2025
Қазақстандық теннисші Жапониядағы жарыстың ширек финалына өтті
